#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

​Жаңа қаулы: ПТР анықтамасыз жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді

Еліміздің Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді.

Еліміздің Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Shymkentaqparat сайтына сілтеме жасап.

Қаулыда шетелден Қазақстанға ұшып келетін рейстерге қатысты мынадай талап бар: ПТР – сынамасы теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жоқ жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді. Бұған дейінгі құжатта анықтама қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болу керектігі айтылса, енді ереже барлық жолаушыға қатысты екені көрсетілген. Айта кетсек, анықтама 3 күнге жарамды. Анықтамасы жоқ қазақстандықтарды КВИ-ге тексеруге екі тәулікке оқшауға алынады деген талап алынып тастады. Сонымен қатар қаулыда: «Карантин шараларын қатаңдату туралы шешімді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитария дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылдайтыны көрсетілген.Карантин шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігері қабылдайды», — делінген.

Соңғы жаңалықтар