#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ІІМ тұрғындардан қару сатып алу науқанын бастайды

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады.

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қарудың әр данасы үшін 30-дан 300 мың теңгеге дейін төленеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

20 сәуірде ІІМ заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акцияны бастайды.

«Бұған дейін акция кезінде қазақстандықтар 53 мыңнан аса атыс қаруы мен екі миллионнан аса ойық қару патронын өз еркімен тапсырды. Жалпы сомасы шамамен 1,7 миллиард теңгеге қару-жарақ заттары сатып алынды. Шаралар криминогендік жағдайға оң әсер етті. Тек соңғы бес жыл ішінде қару-жарақпен жасалған қылмыс саны жартысынан көбіне азайды (2015 жылғы 488-ден 2020 жылы 224-ке дейін). Заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш затты өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», — деді Милюк ведомствоның онлайн-брифингінде.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі, жарылғыш затты ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген азамат кез келген аумақтық полиция органына өтініш береді. Өтінішті полиция органдарының кезекші бөлімдеріне де беруге болады.

«Телефон арқылы өтінім қалдырған кезде барлық қажетті шараны жүргізетін полиция қызметкері жіберіледі. Қаруды немесе оның компоненттерін ұқыпсыз пайдалану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Өйткені олар өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Табылған қаруды бөлшектеу, сындыру және тасымалдау ұсынылмайды. Осы мақсатта арнайы оқытылған қызметкерлер мен техникалар бар», — деді ІІМ ӘПК басшысының орынбасары.

Төлем сомасы қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты және әр данасы үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін (10-нан 100 АЕК-ке дейін) қарастырылады.

Сыйақы мөлшерін облыс, қала және аудан полиция органындағы комиссия анықтайды.

«Тапанша мен револьвер үшін 100 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлем жасау көзделген. Тегіс ұңғылы мылтық 90 мың теңгеге бағалануы мүмкін. Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссия қарудың техникалық жағдайын ескереді және тиісті санат береді. Бірінші санатқа жатқызылған қару үшін төлем 100 пайыз, екінші санатқа 70 пайыз және үшінші санатқа 30 пайыз есептеледі», — деді комитет басшысының орынбасары.

Бірінші санатқа пайдаланылмаған, жарамды, тауар түрін жоғалтпаған қару жатады.

Екінші санатқа пайдалануға кедергі келтірмейтін бөлшектерінің бүлінуі, жекелеген техникалық немесе ақауы бар қару жатады. Қалпына келтіруге болатын қару екінші санатқа жатады.

Үшінші санатқа техникалық немесе экономикалық себептер бойынша жөндеуге немесе қалпына келмейтін техникалық ақауы бар жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті қару жатады.

Сыйақы бір ай ішінде төленеді.

«Атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш зат деп танылмаған не ІІМ ақпараттық жүйелерінде «тіркелген» немесе «криминал» қару ретінде есепте тұрған заттарға сыйақы төленбейді. Қолдан жасалған оқ-дәрі, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қару патрондары үшін өтемақы төлемі көзделмейді. Антикварлық қару мен тарихи маңызы бар қару, ережеге сәйкес, криминалистикалық бөлімшелердің заттай коллекцияларына немесе ІІМ мұражайларына берілуі мүмкін», — деп түйіндеді Алексей Милюк.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...