#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Әкімдер сайлауы: заң жобасы Мәжіліске өткізілді

Мәжіліс Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлауды өткізуді көздейтін сайлау мәселесі бойынша заң жобасын жұмысқа алды.

Мәжіліс Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлауды өткізуді көздейтін сайлау мәселесі бойынша заң жобасын жұмысқа алды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Депутат Қанат Мусин Мәжіліс отырысында заң жобасында жергілікті әкімдерді сайлауға саяси партиялардан үміткер ұсыну, сондай-ақ Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету мәселесі қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «бәріне қарсы» бағанын енгізу көзделгенін айтты.

Оның айтуынша, заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарына әкім сайлауына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі көзделген. Ол үшін үміткер тиісті қол жинауы керек.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілген сайлауды тағайындау, жергілікті әкімдерге қойылатын талаптар, үміткерді ұсыну тәртібі, өзін-өзі ұсынушыларды қолдау үшін қол жинау тәртібі; үміткерлерді тіркеу, сайлау кезінде дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау тәртібі, сондай-ақ сайлау өткізілгеннен кейін сайланған әкімді тіркеу тәртібі бойынша бірқатар түзетулер көзделеді.

«Комитет заң жобасын қарауға және қорытынды жасауға дайын. Заң жобасын жұмысқа қабылдауды ұсынамыз», — деді Қанат Мусин.

Бұған дейін ел Президенті әкімдер сайлауы 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «бәріне қарсы» бағанын енгізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар