«Бәйтерек» холдингіне қарасты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары пара алды деген күдікке ілінген. Оған қатысты қылмыстық іс қазір сотқа жіберілген, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымна сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров хабарлады.
«Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан ортақ мүлікті басқару (жылу және электрмен қамтамасыз ету) бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», деді ол.
Айта кетейік, Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы саналатын «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіреді.