#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның батысында барлау бөлімшелеріне кешенді тексеру жүргізілуде

«Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін кешенді тексерудің екінші кезеңі Қазақстанның батыс өңірінде өтуде.

«Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін кешенді тексерудің екінші кезеңі Қазақстанның батыс өңірінде өтуде. Бұған Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдері қатысты, деп хабарлайды ADYM.KZ Еgemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

Тексеру Ақтау мен Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерін жоғары жауынгерлік даярлық деңгейіне келтіруден басталды. Бөлімдер орналасқан жерлерде жеке құрамды жинау мен хабарлау, сонымен қоса қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Ақтау гарнизонының бөлімшелері «Оймаша» полигонында жауынгерлік тапсырмаларды орындау аумағына марш жасады. Атырау гарнизонынан бөлімшелер жасақтары полигонға әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен жеткізілді.

— Әскери қызметшілер инженерлік дайындықты, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанысты, әскери-медициналық дайындық пен мина жару ісін үйренген, байланыс пен әскери топографияны ұйымдастырудан қажетті машықтанған, білім жинақтаған. Жеке құрам жақсы нәтиже көрсетуге қабілетті, ал командирлер жан-жақты, дұрыс шешім қабылдай алады, – деп атап өтті бөлім командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы майор Жалғас Рахымғалиев.

Басқару органдарының жұмысына, барлауға, артиллерия атысын реттеуге және авиацияны басқаруға ерекше көңіл бөлінеді. Тапсырмалардың өзгешелігі, оны құмды жерде орындауда болмақ.

Кешенді тексеру барысында бөлімшелердің диверсиялық-барлау іс-қимылдарын жүргізуі, күндіз және түнде әскери тактикалық атыс жаттығуларын орындауы бағаланады. Әскери қызметшілер арнайы-тактикалық, инженерлік, әскери-медициналық даярлықтан, мина-жару ісінен жеке сынақтар, ал байланыс және әскери топографиядан нормативтер тапсырады.

Бұған дейін Шығыс Қазақстандағы әскери бөлімдер тексерілген болатын. Жеке құрам арнайы операциялар күштері құрамдарының жүктелген міндеттерге сәйкес жауынгерлік тапсырмаларды орындауға даярлығын көрсетті.

 «Алтын жебе» тексерісінің екінші кезеңі осы жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Соңғы жаңалықтар