Еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы петропавлдық полицейлердің назарына үш ай бұрын іліккен. Жедел уәкілдер осы уақытта жас жігіттің есірткі өткізуге қатыстылығын анықтауүшін бақылау жұмыстарын жүргізді. Күдік шындыққа айналғанда ол өзінің тұрғылықты мекенжайында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Пәтерден өсімдік тектес заттар салынған пакеттер мен орамалар алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар марихуана және гашиш болып табылады. Есірткінің жалпы салмағы (1,5 кг астам марихуана, бұл 350 доза және870 грамм гашиш, бұл 218 доза) аса ірі көлемге жатады. Бұдан басқа 3 ұялы телефон, ақша қаражаттары, банк карталары алынды. Сол күнінегізгі фигуранттан есірткі сатып алып, қала көшелерінде саудалаған 24-26 жас аралығындағы төрт сыбайласы ұсталды.
Есірткі өткізуді ұйымдастырудағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелтуне өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.