#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда жаппай вакцинация қашан басталады?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай вакцинацияға дайындық туралы айтты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай вакцинацияға дайындық туралы айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысына жоспарланғанын мәлімдеді.

«Сәуірде жаңа вакцина дозасының жеткізілуін күтеміз. Сәуірге 65 000 доза квота бөлінді. Бірақ кеше премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде 65 000 дозаның Алматы халқына аз екенін талқыладық. Біз квотаны арттыруымыз керек. Өйткені қазір науқастар санының көбейгені байқалады. Премьер-министр келісімін берді, жақын арада квотаны қайта қараймыз», — деді қала әкімі «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде.

Бақытжан Сағынтаев егу пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылатынын айтты. Сондай-ақ, мобильді пункт жұмысы ұйымдастырылады.

Вакцинация Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жүйеге сәйкес жүргізіледі. Үш кезең анықталған. Ол бойынша бірінші кезекте дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру саласы және тәуекел топтарына жататын азаматтар вакцина қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар