#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты, екі адам зардап шекті.

Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты, екі адам зардап шекті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты Қарағандының Октябрь ауданында болған. Honda көлігін 34 жастағы ер адам басқарып келе жатқан.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер жүргізуші алдын ала мәлімет бойынша көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 118 автобусқа соқтығысқанын хабарлады.

Апат салдарынан Honda автокөлігінің жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 30-ға жуық жолаушы болған, олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді.

Аталған дерекке «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзу»  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Соңғы жаңалықтар