#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

Қостанай облысында өзендер мен су қоймаларындағы мұз жару жұмыстары жалғасуда.

Қостанай облысында өзендер мен су қоймаларындағы мұз жару жұмыстары жалғасуда. Сең қозғалғанша жүретін мұндай шаралар су тасқынынан төнетін қауіптің алдын алады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, мереке күндері «NIKSIT» ЖШС мамандары Науырзым ауданындағы Дәмді өзені мен Шолақсай ауылының маңындағы бөгетте жарылыс жүргізген. Сондай-ақ жарушылар жасағы Қарасу ауданы Қарамырза ауылының маңындағы Тінтуір өзені мен Қарасу өзеніндегі мұз кептелісін жойған.

Мұз жару жұмыстары Қарасу ауданына қарасты Новоселов ауылынан 3 шақырым жердегі Құндызды өзенінде, Қарасу ауылының маңында, Науырзым ауданындағы Буревестник ауылына жақын жатқан бөгеттерде, Әулиекөл ауданы Көктал ауылының маңындағы Теректі өзенінің сағасында жүріп жатыр.

«Мұздың орташа қалыңдығы 1 метрден асады. Мұз жару жұмыстарына облыстық ТЖД, полиция департаменті мен жергілікті атқару органдарының өкілдері және  «NIKSIT» серіктестігінің мамандары қатысуда. Жарылыс кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылды», деп мәлімдеді Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

 

Соңғы жаңалықтар