#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ердоған 30-31 наурызда Қазақстанға келеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Түркия Президенті Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарланды», — делінген агенттік хабарламасында.

2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Тоқаев пен Ердоған Түркия президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға келісті.

Соңғы жаңалықтар