#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы облысында локдаун енгізіледі

Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізіледі.

Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізіледі, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6 процентті құрап, өткен тәулікте 99 жағдай тіркелген.

Инфекциялық стационардың толымдылығы 43 процентті, реанимациялық төсектер толымдылығы 15 пайыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы қасқаша баяндаған облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Өңір басшысының айтуынша, облыстың медициналық ұйымдары қажетті жабдықтармен және дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Инфекциялық стационардағы төсектер саны 412-ге көбейтіліп, қазір саны 1 550 бірлікке жеткізілді.

Биыл жыл басынан бастап 11 ПЦР-зертханасында 137 мың тест өткізілген. 391 мобильді бригада коронавирус күдігі бар науқастардың үйіне барып 50,7 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті.

Облыста ауру деңгейінің өсуіне байланысты карантиндік режим күшейтілді.

Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни ұйымдарының, қоғамдық моншалар мен көліктің жұмысы сағат 17-ге дейін, ойын-сауық объектілері мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толық локдаун енгізіледі.

«Алматы қаласы мен облыс арасында халық көші-қонының жиілеуіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында ауру деңгейінің біршама өсуі байқалады, бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулылар қабылдады», — деді Баталов.

Өңірде карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

1 қаңтардан бастап 6797 рейд барысында 449 карантиндік режимді бұзу анықталды, 410 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу 30 егу пунктінде жүргізіледі, 6883 адамға екпе жасалды.

Оның ішінде, қазір Алматы облысы «сары» аймақта тұр. Ауруханаларда 685 адам ем қабылдап жатыр, соның 22-сінің жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар