#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ан-26 ұшағы апаты: қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылды

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығы қатысқан ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті,

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығы қатысқан ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.

ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетіп жатыр», — делінген хабарламада.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» өткізіледі.

Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері кейін қосымша хабарланатыны айтылды.

Еске салайық, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ұшақ құлап, өртенген болатын. Кейін бұл ҰҚК авиациялық қызметіне тиесілі АН-26 екені анықталды. Ұшақта алты адам болған. Апат салдарынан олардың төртеуі қаза тапты: майор Ғабит Балықбаев (36 жас), капитан Досжан Баймұратов (35 жас), сержант Евгений Васильков (35 жас) және аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жас).

Соңғы жаңалықтар