Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алматы қаласының әуежайындағы әуе апатының салдарынан болған адам қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін», — делінген Елбасы жеделхатында.