#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ұлыбритания мен Қытай арасында дипломатиялық жанжал шықты

Ұлыбританияның Қытайдағы елшісі Кэролайн Уилсон "орынсыз мақала" жариялағаны үшін ҚХР Сыртқы істер министрлігіне шақырту алды.

Ұлыбританияның Қытайдағы елшісі Кэролайн Уилсон «орынсыз мақала» жариялағаны үшін ҚХР Сыртқы істер министрлігіне шақырту алды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Каролин Уилсонның қытай тілінде жазған «Шетелдік БАҚ Қытайды жек көре ме?» мақаласы өткен аптада Бейжіңдегі Ұлыбритания елшілігінің WeChat-тағы ресми аккаунтында жарияланды. Ол материалда британиялық журналистер мен олардың Қытайдағы әріптестерінің жұмысын салыстырған. Елші сонымен бірге тәуелсіз шетелдік баспасөз үкіметтің іс-әрекетін бақылаудағы «күзетші ит» ролін атап өтті және шетелдік БАҚ-тың Қытай билігін сынауы «Қытайға деген жеккөрушіліктен» емес екенін түсіндіруге тырысты.

Мақала Қытай азаматтарының наразылығын тудырды және қатты сынға ұшырады.

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел үкіметі мен халқы ешқашан шетелдік БАҚ-қа қарсы емес екені, керісінше баспасөз бостандығы мен сөз бостандығы ұранымен Қытай мен оны билеуші Коммунистік партияға шабуыл жасау үшін «жалған жаңалықтар» ойлап тапқандарға қарсы болғаны айтылады.

ҚХР сырты істер министрлігі департаменті өкілі Уилсонды өз міндетін қайта қарауға, мәртебесін есте сақтауға және екіжақты қатынастарды дамытуға көмектесу үшін көп күш салуға үндеді.

Ұлыбритания елшісі Қытай ведомствосының сынына жауап берді және ол өз мақаласында айтылғандарды берік ұстанатынын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында мақаласына сілтемені қоса жариялады.

БАҚ Қытай-Ұлыбритания қатынастарындағы шиеленістің ошағына айналды. Өткен айда Қытай елде BBC телеарнасын таратуға тыйым салды. Бұл Қытайдың мемлекеттік CGTN телекомпаниясы Ұлыбританияда лицензиясынан айырылғаннан кейін бір аптадан соң болды.

I stand by my article. No doubt the outgoing Chinese Ambassador to the UK stands by the 170+ pieces he was free to place in mainstream British media. https://t.co/AgkynfJM36

— Caroline Wilson (@CWilson_FCDO) March 9, 2021

Соңғы жаңалықтар