Қазақстанда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың ақпанында өсуін жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары — 3,1 пайыз, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6 пайызға жоғарылады», — делінген хабарламада.
2020 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үй 5 пайызға қымбаттаған. Ал 2021 жылы қаңтар-ақпанда бағалар 4,2 пайызға өсті.
Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2020 жылы 13,2 пайызға, 2021 жылдың екі айында 8,2 пайызға көтерілді.
Қазақстан бойынша жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны — 322 968 теңге.