Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен 5 наурыздан бастап Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының жаңа мүшесі болып Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді», — делінген хабарламада.
Руслан Бекетаев бұл қызметке Тимур Жақсылықовтың орнына келді. Ол 16 ақпанда ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін Руслан Бекетаев Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасы қызметін атқарған.
ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр лауазымына тағайындалмастан бұрын жеті жылға жуық Қазақстан қаржы вице-министрі қызметін атқарды.