Семейде тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды. Ақмолада қаржы пирамидасы арқылы қазақстандықтарды 70 миллион теңгеге алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады», деді полиция өкілдері.