Павлодарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.
«Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді», — делінген хабарламада.