#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды

Атырау облысында 34 мешіт бар.

Атырау облысында 34 мешіт бар. Енді оның қатары 500 орындық жаңа мешітпен толығатын болды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

Еркінқала ауылында бой көтеретін жаңа мешіттің іргетасын қалауға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы-бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айутынша, ғибадат үйі Қайтпай Сұлтанның атымен аталады.

«Халқымызда «Азаны бар ауыл азбайды» деген нақыл бар. Мешіт – барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені. Бұл құлшылықтың ғана емес, рухани һәм мәдени-ағарту, бірлік пен берекенің ошағына айналады деген сенімдемін. Жаңа мешіт салт-дәстүріміздің, тағылымға толы тарихымыздың насихатшысы, әрі қайырымдылықтың орталығы болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде «Алла Тағала мешітті жақсы көрген пендені жақсы көреді» деген. Сіздер мешітті жақсы көргендіктен, Алла үйін тұрғызуға үлес қосып отырсыздар. Хақ Тағала мол сауаптан жазсын» деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кәсіпкерлердің қолдауымен бір жылда салынатын мешітте Құран оқу бөлмесі, ерлер мен  әйелдерге арналған намаз оқу залы, дәрісхана қарастырылып отыр. Мешіт жанынан асхана, имам үйі бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар