28 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Достар, біз enpf-otbasy.kz интернет-платформасы іске қосылған бір айдан аз уақытта 28 000-нан аса қазақстандық ипотека рәсімдеп, қарыздарын өтеп, пәтер сатып алғанын хабарлаймыз. (…)
11 мыңнан аса қазақстандық екінші деңгейлі банктерге кредит жабуға және ипотека қарызын өтеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін жіберді. 4 мыңға жуық адам тұрғын үйді бір жолғы зейнетақы төлемдері есебінен толық сатып алды.
Зейнетақы қорларын басқа мақсаттарға пайдаланғысы келетіндердің саны әлдеқайда аз болып шықты — 0,7 пайыз ғана», — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар зейнетақы жинағын емделуге және инвестиция компанияларына сенімгерлік ретінде пайдалана алады.
Зейнетақы жинақтарын басқару компанияларға қалай аударуға болатынын мына жерден таба аласыз.