#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды — адвокат

Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты.

Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ұзартты.

«Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты», — деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын» да айтты.

Еске салайық, Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Кураченко экс-министр үйқамақта екенін хабарлады. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар