Түркістан облысында полицейлер ер адамның көлігінен бір келіге жуық марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіге жуық марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қолхатта. Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның өзімен бірге үлкен мөлшердегі есірткіні не үшін алып жүргенін анықтауда. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.