Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның қай қалаларында Назарбаев Университеті секілді жоғары оқу орнын құру жоспарланғанын айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2022 жылға қарай Назарбаев Университеті тәжірибесімен Петропавл және Шымкент қалаларында екі озық өңірлік ЖОО құрылады», — деп хабарлады Мамин Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, студенттердің шәкіртақысын екі есеге, магистранттар мен докторанттар шәкіртақысын бір жарым есеге арттыру жоспарланған.