#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жерге үлкен астероид жақындап келеді

2001 FO32 астероиды Жердің маңынан ұшып өтеді, ол 2021 жылы біздің ғаламшарымызға жақындаған ең үлкен ғарыш денесі болады.

2001 FO32 астероиды Жердің маңынан ұшып өтеді, ол 2021 жылы біздің ғаламшарымызға жақындаған ең үлкен ғарыш денесі болады, — деп хабарлайды ADYM.KZ LADbible сілтеме жасап.

NASA мәліметінше, 2001 FO32 астероиды 21 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:03-те Жерден шамамен 2,02 миллион шақырым қашықтықта секундына 34 шақырым жылдамдықпен ұшып өтеді.

2001 FO32 біздің ғаламшарымыз сияқты Күнді айналып жүретін көптеген объектінің бірі саналады. Астероидтың нақты көлемі белгісіз, бірақ есептеулерге сүйенсек, ол 767 метрден 1,71 шақырымға дейін болуы мүмкін. NASA мәліметі бойынша, астероид біздің планетамыздан 5,3 LD қашықтықта өтеді. 1 LD Жер мен Айдың арақашықтығындай, 384 мың шақырым екені атап өтілген.

Ғалымдар бұл астероидты қауіпті денелер санатына қосқан. Яғни, болашақта, жүздеген жылдан соң оның Жермен соқтығысу мүмкіндігі бар. Оның ұшу траекториясына көптеген фактор әсер етуі мүмкін, оның ішінде Күн жүйесіндегі басқа да аспан денелерінің тартылыс күші бар.

Астероид пен Жердің келесі кездесуі 2052 жылы 22 наурызда болады. Бұл күні ол шамамен 2,83 миллион шақырым қашықтықта өтеді.

Соңғы жаңалықтар