#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстандық белгілі журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Informburo.kz ақпарат-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды.

Informburo.kz ақпарат-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында естіртті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан журналистикасында бүгін орны толмас қаза. Михаил Дорофеев», — деп жазды Қожахметов Facebook-те.

Михаил Дорофеевтің Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы тәжірибесі мол. Атырау облысының жергілікті басылымдарында, одан кейін республикалық БАҚ-та — КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде жұмыс істеген. Республикалық телеарналарда менеджерлік қызметтер атқарған, оның ішінде «Астана қаласының телевизиясы» ЖШС бас директоры және «Телекомпания «Эра» ЖШС бас продюсері болған.

Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» («Хабар») телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болған. Ол Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар