Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы мекемеге тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Торт сыйлық жеткізілген сотталған азаматтың көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынды. Бұл факт бойынша сотталғанды және “тәтті сыйлықты” жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексерулер жүргізілетін болады.