Бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов үш мың еріктіге отандық QazCovid-in вакцинасы егілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Осыдан кейін иммундық жүйе вирусты танып, антиденелер пайда бола бастайды. Аурумен күресу үшін пайда болатын ақуыздар, вирусты есте сақтап, егер вирус қайтадан денеге енсе, онда иммундық жүйе дереу әрекет етіп, оны жояды.
Оның көбеюіне және аурудың тудыруына жол бермейді. Еске салсақ, ғалымдар қазақстандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді.