Сағындық Телібаев Алматы метросының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа басшыны командаға қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды.
Алматы әкімі жаңа басшының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды: жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, жолаушылар қатарын көбейту.
Бұған дейін метро директоры қызметін Айдын Оразханов атқарған. Метро қызметкерлері бұрынғы басшының қызыметіне шағымданған болатын. Олардың айтуынша, ол жұмысшыларды негізсіз жұмыстан шығарған. Бұл ақпарат БАҚ-та жариялағаннан кейін метро қызметінде тексеру басталып, көп ұзамай Айдын Оразхановтың жұмыстан босатылғаны белгілі болды.