Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жазаланды. 17 қаңтарда «Эйр Астана» әуекомпаниясынан Киев — Алматы әуерейсінің бортында құқықбұзушы отырғаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру кезінде көлік полицейлері Украинаның 33 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшақта отырғанда электрон сигарет шеккен, яғни ұшу қауіпсіздігі ережесін бұзған.
«Полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігіне (Әуе кемесінің бортында темекі және (немесе) электрон сигаретін шегу) сәйкес, хаттама толтырды және 50 АЕК айыппұл салды», — делінген хабарламада.
2020 жылы еліміздің көліктегі полицейлері әуе кемесіндегі түрлі құқықбұзышылық үшін 394 адамды, оның ішінде 34 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әкімшілік құқықбұзышылық үшін 93 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.