#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Беларусь хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды.

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылыына сілтеме жасап.

IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем чемпионаты 2021 жылғы 21 мамыр мен 6 маусым аралығына жоспарланған. Беларус еліндегі саяси жағдайларға байланысты бірқатар елдер, ұйымдар мен демеушілер Минскке баруға қарсы болды.

«IIHF қауіпсіздік мәселелерін ескере отырып, бүгін 2021 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын Минскіден көшіру керектігін растады. Бұл шешімді кеңес ұзақ талқылаудан кейін қабылдады. IIHF Чемпионаттың барлық қатысушыларының жағдайына қарауға міндетті. Келіссөздер барысында тәуелсіз сарапшылар мен барлық мүдделі тараптар елдегі саяси толқулармен және COVID-19 мәселелерін ескерді. Процестің соңғы кезеңі өткен аптада Беларус Үкіметімен кездесу және тәуелсіз сараптамалық есеп дайындаудан кейін талқыланды», делінген федерация хабарламасында.

Әлем чемпионатының енді қай жерде өтетіні туралы шешім қабылданған жоқ. IIHF бұл мәселені зерттеп, әлем чемпионатын бір локацияда өткізуді талқылайды. Бұған дейін Латвия мемлекеті жарысты ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген. Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдік ірі компаниялар Беларусь республикасында 2021 жылы өтетін хоккейден әлем чемпионаты демеушілік жасаудан бас тартқаны жөнінде ақпарат таратқан болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар