Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 159 вагон сатып алған. Олар келесі бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарын жаңартқанын хабарлады: Алматы — Маңғыстау, Нұр-Сұлтан — Сарыағаш, Атырау — Нұр-Сұлтан, Атырау — Алматы, Нұр-Сұлтан — Арқалық, Атырау — Маңғыстау, Алматы — Жезқазған, Нұр-Сұлтан — Семей.
Редакция таңдауы
Теміржол билеттері қымбаттайды
Барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың теміржол билеттері 1 наурыздан бастап қымбаттайды.
«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау құнын аймақаралық және қала маңы байланыстарындағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 7% индекстеу жоспарланған», — делінген хабарламада.