Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», — делінген Ақорданың хабарламасында.
2020 жылдың желтоқсанында Бақытжан Темірболат Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған болатын.
Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді және Президент Кеңсесінің басшысы қызметтерінде болды.
Еске салайық, мұның алдында Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановтың қызметінен босатылғаны хабарланған еді.