«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына жас үміткерлер ретінде тіркелген Мырзабаев Ғалымжан мен Бектаев Ернар Ақтөбе ауылдық округі жастарымен «Туған жерге тағзым» тақырыбында кездесіп, Келес ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын атап айтқанда: тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатындығын, жастар үшін ең маңызды «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның ТО филиалы, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 1500 жобаны несиелендіруге; жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 10 азаматқа грант ұсынуға; «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 80 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға; мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 120-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға ықпал жасайтындығын насихаттады. Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді. Үміткерлер жастарды алдағы сайлауда белсінділік танытуға, және “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.