#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өнегелі отағасы, алтын құрсақты ана отбасындағы кездесу

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз».

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз».

Нұрсұлтан Назарбаев

Шын мәнінде отбасын құру, сол шаңырақты сақтап қалу оңай шаруа емес. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Өйткені, тәрбиенің түп-тамыры отбасынан басталады. Ал бақытты отбасын құру — отағасы мен отанасына байланысты.

Келес аудандық мәслихатына кандидат Ахмет Жумабеков  үнемі өткеніне салауат, барына шүкір айтып, ұрпағының болашағына сеніммен қарайтын отағасы, ауданның және ішкі істер қызметінің «Құрметті азаматы» Сейдір ағамыз бен алтын құрсақты Назипа апамызға сәлем беруге, Күлгіновтердің шаңырағына ат басын бұрды.

Алланың берген 10 перзентін дүниеге әкелген, Сейдір ағамыз бен Насиба апамыз «Ауыл баласы малшы, ауыл баласы тракторшы болу керек» — деген ойдан аулақ болып, «ауыл баласынан да жоғары білікті инженер, ғалым шығады»,- деген сенімге толы парасаттарымен перзенттеріне берген өнегелі тәрбие мен сапалы білімнің жемісін көріп, алды елдің биік еңселі қызметінде, соңы ауданда түрлі салада халыққа жемісті де абыройлы қызмет етіп жүргеніне бүгінде «Аллаға шүкір» айтады.

​«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұралы Давлетияровпен бірге отағасын жаңа жылмен құттықтап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, биылғы сайлаудың ерекшелігін айтып өтті.

Сейдір ақсақал партияның атқарып жатқан жұмыстарын әрдайым назардан тыс қалдырмайтынын, алдағы уақытта да сапалы нақты ауданымыздың түйткіл мәселелері енген 5 жылдық бағдарламада көрсетілген мәселелердің шешімі тауылып, орындалуына сенетінін айтып аталық ақ батасын берді.

Отбасы мүшелерінің арасында бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған Сейдір ақсақал мен Насиба апай — «менің әкем», «менің анам» деп ел алдында мақтана көрсетуге тұрарлық жандар екеніне саналы азаматтың таласы жоқ болар!

Соңғы жаңалықтар