Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус пандемиясына байланысты Англияда үшінші ұлттық локдаун енгізілгенін жариялады, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Вирустың жаңа түрі қорқынышты жылдамдықпен тарап жатыр… үшінші ұлттық локдаун қажет екені анық», — деді премьер-министр телефон арқылы сөйлеген сөзінде.
Дереккөз мәліметінше, сейсенбіден бастап ағылшын мектептері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді, тек негізгі мамандық өкілдерінің балалары (дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, курьерлер, сатушылар және т.б.) мектептерге бара алады. Аймақ тұрғындарына тек серуендеуге, дәрігерге, дүкенге баруға рұқсат етіледі.