Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы бейнеконференция режімінде өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Министр жауапты комитет мектептерді аралап шыққанын айтып өтті.
«Осы мәселелер комиссияның әрбір отырысында жеке қаралады. Осыны әріптестеріме ескерткім келеді. Бұл өте маңызды», деді министр.