«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ «Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалының бұрынғы директоры Р.О. Ибраев сотталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы жемқорлық жасағаны үшін жазаланды.
Дереккөз мәліметінше, ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы Ибраев 2020 жылдың маусым-тамыз айларында пайдакүнем мақсатта ведомствоға қарасты бөлімшелердің басшыларынан 6,5 мың литр дизель отынын алған. Оның құны 1,2 миллион теңгеге бағаланады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсаған.