#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Экс-шенеунік аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бұрынғы басшысы Нұрлан Иманалин мен «Ақ Саток» ЖШС директоры Қойбағаровқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Иманалин жеке компания директоры Қойбағаровпен алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен алаяқтық жолмен Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысына арналған жалпы сомасы 60 703 175 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, ол лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланды және төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады, оларды қорқытты деген күдікке ілінгені хабарланды.

«2020 жылдың 25 желтоқсанында Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен Иманалин 7 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 379-бабы және 380-бабы 1-бөлігі).

Осы үкіммен Қойбағаров та (190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы) коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға сотталды», — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар