#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҰБТ тапсыратын оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

Білім және ғылым министрлігінің Ведомствоаралық комиссиясы мектеп оқушыларын үшінші тоқсанда оқыту тәртібіне қатысты шешім шығарды.

Білім және ғылым министрлігінің Ведомствоаралық комиссиясы мектеп оқушыларын үшінші тоқсанда оқыту тәртібіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін министр үшінші тоқсаннан бастап ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер дәстүрлі форматта оқытылатынын мәлім еткен болатын.

Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат отырысында: «Әсіресе ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер, сонымен қатар қиындық тудырып отырған пәндер де дәстүрлі форматта оқытылады. Сондықтан бұл мәселе бойынша сабақ кестесіне дейін әдістемелік ұсынымдарды дайындап, бүгін жібереміз. Үшінші тоқсаннан бастап талқыланған тәртіп бойынша жұмыс жүргіземіз», деп айтып өтті.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында министр бұл өте маңызды шешім екенін және бұл оқу тәртібі мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға да тікелей қатысты екенін баса айтты.

«Мектеп түлектері жайлы айтып отырмын. Оларға білім алудың маңызы өте зор. Сол себепті біз оқушылардың 70 пайызы дәстүрлі форматта, ал 30 пайызы қашықтан оқитынын айтып отырмыз. Әсіресе Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты пәндер дәстүрлі форматта оқытылады. Қалғанын қашықтан оқытамыз», деді министр.

Ол сонымен қатар бұл ретте санитарлық талаптар қалай сақталатынын айтып өтті.

«Бір кабинет болады. Қоңырау әртүрлі уақытта соғылады. Әлеуметтік қашықтық сақталады. Бұған дейінгі санитарлық талаптар күшінде қалады. Өзгеріс жоқ. Біз Білім және ғылым министрлігі ретінде балалардың дәстүрлі форматта оқуын қалаймыз. Алайда басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын санитарлық нормалар тағы бар», дейді министр.

Соңғы жаңалықтар