Елдің саяси өміріндегі өзінің басым рөлін сақтауға ниетті «Nur Otan» партиясы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде. Адамдардың бәріне бірдей игілік пен ортақ шешімге жету үшін белсенді саяси үндесуге, сындарлы пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты бекемдеу арқылы қоғамның өркендеуін кепілдендірмек.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығында ұсынылған бағыт-бағдардың төңірегіне ынтымақтасуға, бірігуге, әрбір азаматтың өз болашағын қазірден бастап қамдауға шақырған Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Досым Асабаев Иіржар ауылдық округіне қарасты Азамат ауылында болды. Ауылға сыйлы, көпбалалы ана Рано апайдың үйінде «КАНВАССИНГ» шарасы аясында жүздескен үміткер ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы, бүгінгі жастар арасындағы ажырасулардың алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, отбасы құндылықтарын насихаттау жайында әңгіме өрбітті.
Қазіргі таңда көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған әлеуметік желілерден батыстың бейәдеп бейнероликтерін көрген ауыл жастарының да тәртіпке бағынбай кететін кездері кездесетінін ренішін білдірген Досым Асабаев қылмыстардың жасалуы мен жас шаңырақтардың шайқалуының алдын алу мақсатында алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша аудан тұрғындары үшін қауіпсіз ету жоспарда бар екенін айтады. Ол бойынша партия 2021 жылы 10 ауылда, 2022 жылы 13 ауылда көше жарығына қол жеткізіп, 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдарда 75 көшеге жарық диодты шамдар мен тіректер орнатуға, ауылдарда 16 бейнебақылау камераларын орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдардағы көшелерде жарық диодты шамдар мен тіректер орнатылады, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың үлесі азаяды.
«Біз үшін әр азаматтың әлеуеті, қуаты, болашаққа деген сенімі мен білімі, қарым-қабілеті Қазақстанды дамытуға бағытталғаны маңызды. Біз биліктегі өз халқына және өз еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отырған партияластарымызды бірауыздан қолдаған кезде ғана дәулетті де сәулетті тұрмысқа қол жеткізе аламыз» деген Досым Тұрғанбайұлы бірлігі мен берекесі тасыған, өзгелерге ынтымағымен үлгі бола білген Мақтааралдық еңбеккер жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.