Оралда өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Парус» бау-бақша серіктестігіндегі үй толығымен жанып кеткен. Өртсөндірушілер оқиға болған жерден ер адамның денесін тапты. Қазіргі таңда мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 20 желтоқсанда түнгі сағат 1:30 шамасында басталған. Красивая, 34 көшесіндегі үй өртенген.
«Өрттің аумағы — 20 шаршы метр. Үйдің қабырғасы мен төбесі құлаған, барлығы жанып кеткен. Өрт түнгі сағат 2:48-де сөндірілді. Құтқарушылар үйден 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Оқиға орнында шамамен 40 жастағы үй иесінің денесі табылды», — делінген хабарламада.
Көршілер қаза тапқан ер адамның мас болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.