Алматы облысында 10 жастағы қыз сырғанақта қайтыс болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Көксу ауданында болған.
«Құқық қорғау органдары тергеуді бастап, арнайы сараптама тағайындады. Тыйым салу белгілері орнатылды. Сырғанақ жеке шаруашылықта орналасқан. Арнайы хат шаруашылықтың иесіне жіберіледі. Төбешік қатаң бақылауда, онда үнемі рейд жүргізіліп тұрады», — делінген хабарламада.