Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Он раундқа жоспарланған кездесу тоғызыншы раундттан соң тоқтатылды.
32 жастағы Әшкеев кәсіпқой бокстағы 15-ші кездесуінде алғаш рет жеңіліс тапты. Ол қалған 14 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен еді. 7 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал жеңіліп көрмеген 23 жастағы Конуэлл бүгін 14-ші кездесуін өткізді. Ол он жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.
Еске салайық, бұған дейін салмақ өлшеу рәсімі өткен еді. Екі боксшының да салмағы 69,9 болды.