#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақ баласы «Шыңғыс ханның алтын белбеуін» бірінші болып иеленді

Қарсыласын небәрі үш минутта жеңген Айдос Ербосынұлы алғаш рет ойнатылған белбеуді иеленді.

Қарсыласын небәрі үш минутта жеңген Айдос Ербосынұлы алғаш рет ойнатылған белбеуді иеленді. Қуанышты жаңалықты боксшының өзі бөлісті, деп хабарлайды ADYM.KZ KzNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ассаламуалейкум қазақ елі. Ең алдымен баршаңызды шын жүректен тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Және бүгін тарихи күн ағайын. Тұңғыш рет WBA версиясы бойынша “Шыңғыс ханның алтын белбеуі” ойнатылды. Бұл белбеудің дәрежесі өте мықты. Иеленген адам автоматты түрде WBA нұсқасы бойынша топ 15 рейтингіне кіреді. Осы белбеудің тұңғыш иегері болу менің тағдырыма жазылыпты. Бұл жеңісімді еліміздің ең негізгі мерекесі “тәуелсіздік күніне” арнаймын. Баршаларыңыздың қолдауларыңызға үлкен рақмет, Алла разы болсын», — дейді батыр.

Бүгін елордадағы бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Исса Самирды жеңіп, WBC, WBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғады.

Екінші орта салмақтағы жекпе-жек (76,2 келіге дейін) 12 раундқа есептелген.

Соңғы жаңалықтар