Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Алдағы жылдары Төлеби ауданында тау шаңғысы туризмін дамыту үшін «Қасқасу» тау шаңғысы кешенінің инфрақұрылымының құрылысы басталады. Бүгін бұл туралы облысымызда республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары барысында «Nur Otan” партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміктер Ғалымжан Елшібайдың Төлеби ауданындағы №8 кәсіптік колледж ұжымымен кездесуінде әңгімеге арқау болды.
Кездесу барысында Ғалымжан Қамытбекұлы Түркістан облысының партиялық сайлауалды және аумақты дамытудың 5 жылдық бағдарламалары әзірленіп, іске асыру кезеңі бастау алғанын жеткізді. Ол сондай-ақ, экономикалық тұрақты аймақ, лайықты жалақы мен жаңа жұмыс орындарын құру, облыс тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдау, жолдардың жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстарды жан-жақты баяндап берді.
«Партияның 5 жылдық бағдарламасының негізі халықтың жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Ең басты мақсат – ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз және жайлы етуге бар күш-жігерін салатын болады», – деді Ғалымжан Қамытбекұлы.
Алдағы бір ай көлемінде кандидаттар мен штаб мүшелері облысымыздағы 800-ден астам елдімекенді аралап, тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, еркін форматта пікір алмасып, сайлауалды бағдарманы түсіндіріп шығады.
Айта кетейік, құрылғанына екі жылдан асқан Түркістан облысында бүгінгі таңда 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскесіне біріктіріліп отыр. Оған партия атынан 2700-ге жуық азамат сенімді өкіл ретінде бекітілсе, өңірде праймериздің барлық кезеңдерінен өткен 632 үміткер сайлау комиссиясын тіркелді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қорының қаражатынан төленді.