Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодар қаласының «Ласточка» көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өртсөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталып жатыр.
Өрт көлемі 350 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 14.46-да ауыздықталып, 15.06-да сөндірілді.
Оқиға болған жерге ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштері мен құралдары, 42 адам және 13 дана техника шықты.