Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері — 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері — 43 272 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш — 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы — 34 302 теңге.
10-бап. Жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін.
11-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған мемлекет жарналарының мөлшері — мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы болып белгіленсін.
12-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.