Парламент Мәжілісі «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша талқылауды бастады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Редакция таңдауы
Мәжіліс өлім жазасын жою туралы заң жобасын қарайды
Парламент Мәжілісі «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша талқылауды бастады.
«Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына Қазақстан Республикасының ескертпесімен 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған болатын. Хаттама елімізде өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауына бағытталған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша 2021 жылдың 23 маусымға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», — деді депутат Мұхтар Ерман.