#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты,

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаровтың жетекшілігімен өткен жиынға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президені, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, бас хатшысы Асхат Житкеев, дзюдодан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев пен атқарушы директоры Самат Жылқыбаев қатысты. Сондай-ақ, федерацияның вице-президенттері Бостан Жаңбырбаев пен Елдос Рамазанов жиынға видеоконференция режимінде қосылды.

Жиын барысында Қазақстан ұлттық ерлер командасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Атқарушы комитеттің бірауыздан шешімімен Қазақстан ұлттық ерлер командасының бас бапкері болып дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңген жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымжан Жылгелдиев сайланды.

Айта кетерлігі, құраманың бұрыңғы бапкері Айдын Смағұлов денсаулығына байланысты қызметін тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2018 жылы кіріскен болатын.

Соңғы жаңалықтар