Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыру – басты мақсатымыздың бірі болуы керек. Әсіресе, аграрлық саланы дамыту арқылы елімізде көшбасшы өңірге айналуға мол мүмкіндіктер бар. Соның ішінде ет эспорты көлемін арттыруға баса көңіл бөлінуі тиіс. Ол үшін ет өндіруден облысымызда көшбасшы саналатын Сайрам ауданынан компортментализациялық агро аймақ құру уақыт күттірмейтін мәселе. Бүгін бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының XL конференциясының дебаттық кезеңінде сөз алған үміткер Сырым Ертаев мәлім етті.
Оның айтуынша, ет экспортының көлемін тек сапамен ғана ұлғайтуға болады. Ол үшін Сайрам ауданындағы ет өнімдерін өндіруші кәсіпкерлерді бір жерге шоғырландырып, қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Бұдан бөлек, ол аймақта соңғы үлгідегі сараптамалық зертханалар мен мал сою, бордақылау алаңдары әлемдік стандарттарға сәйкестіндірген абзал. Сондай-ақ, ол аймаққа неиселендіру институттарын орналастырып, олар шетелдік компаниялармен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Сонда ғана біз әлемдегі ет өнімдерін тұтынушы алпауыт мемлекеттердің қызығушылық оята аламыз деп есептейді.
Ал Әсет Қайыпбеков ауылдағы жұмыссыз жастардың қатарын азайтудың тиімді жолдарын ұсынды. Оның айтуынша, ауыл жастарын жұмыспен қамту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын кәсіпорындарды көптеп ашу керек. Мәселен алма, жүзім секілді өнімдерді қайта өңдеуден өткізу арқылы толағай табыс табуға болады. Ол үшін елдімекендерде заманауи үлгідегі сақтау қоймаларын салу қажет. Сондай-ақ, үміткер ауылдардағы игерілмей жатқан егістік алқаптарды қаржысы бар, мүмкіндігі мол кәсіпкер жігіттерге беруді қолдайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2 миллионнан астам тұрғын, «Nur Otan» партиясының 80 мыңдай мүшесі бар. Праймеризге қатысу көрсеткіші бойынша да бұл өңір бірінші орында тұр. Сондықтан алдағы сайлауда Парламент Мәжілісіне Түркістан облысы бойынша партиялық тізімге кімдер енетінін анықтау өте жауапты әрі маңызды іс екені анық. Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында осы сұраққа жауап табылды. Праймериз қортындысы бойынша 7 үміткер ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылды.
Олар Түркістан облысын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, жастарға қолдау білдіру, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру, отбасылық тәрбиені жақсарту, көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға материалдық көмек көрсету мақсатындағы ұтымды ұсыныстарын жеткізді.